Ақмола облысында бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған, мас күйінде автокөлікті басқарғаны үшін 58 жүргізуші қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Соның бірі – Макинск қаласында патрульдеу кезінде Космодемьянская көшесінде YAQI QY200 мотоциклын шлемсіз мінген жүргізуші.
"Полиция мотациклды тоқтатқан кезінде ер адамның мас күйінде екенін байқады. Медициналық қорытындыға сәйкес, 32 жастағы жүргізуші “ауыр” дәрежеде мас болған. Сонымен қатар, құжаттарды тексеру кезінде 26 сәуірде жүргізуші көлік құралдарын басқару құқығынан 7 жылға айырылғаны анықталды", - деп хабарлады полиция.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу