"Lada Kalina жүргізушінің жол қауіпсіздік ережесін бұзуы БҚО ПД ЖБО қызметкерлерінің назарына түскен. Ұсталған кезде жігіт бой бермей, жасырынуға тырысып, қарсылық көрсетті", - деді полиция қызметкерлері.
Белгілі болғандай, жас жігіттің жүргізуші куәлігі болмаған. Сонымен қатар, жол ережелерін бұзғаны үшін осы уақытқа дейін жалпы сомасы шамамен 700 мың теңге айыппұл жиналып қалған.
"Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттамалар жасалды", - деп хабарлады полиция.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу