Аршалы аудандық полиция бөліміне Ижевск ауылындағы мектепті жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде жүк көтергіш кран аударылып қалғаны туралы ақпарат келіп түскен.
"Аталған факт полиция бөлімінде тіркелді. Автокран жүргізушісі жеңіл дәрежеде мас болғаны анықталды. Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу