Алматы қаласында автобус жеке үйдің қоршауына соғылды, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.
Желіде тараған бейнероликте үй қоршауы мен газ құбырын зақымдаған №32 автобус жүргізушісі мас екенін айтылған. Бұл жағдайға байланысты қалалық Полиция департаменті түсінік берді.
"Бұл жол-көлік оқиғасы Түрксіб ауданында болды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның өзге де мән-жайлары анықталып жатыр", - деп хабарлады департменттен.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу