Жүргізушілер үшін арнайы call-орталық іске қосылды

1260

Тұрғындар call-орталыққа хабарласып, мамандардан кеңес ала алады. 

Жүргізушілер үшін арнайы call-орталық іске қосылды

Елордада Ресейден көлік әкелген жүргізушілер үшін арнайы call-орталық іске қосылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің мәліметінше, жүргізушілер call-орталыққа хабарласып, өздерін толғандырған сұрақты қойып, мамандардан жауап ала алады.

"Ресейден әкелінген көліктерді пайдалану және тіркеу мәселелері бойынша ақпаратты жедел ұсыну үшін Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінде сall-орталық ашылды", – деп жазылған хабарламада.

Телефон арқылы көлік құралын пайдалану және тіркеу туралы ақпарат алуға, көліктің РФ-те тіркелген-тіркелмегенін тексере алады.

Сall-орталық нөмірі: 8 (7172) 71- 69-77, 67-75-75, 8 (705) 164 7191. Ол таңғы сағат 9:00-ден түнгі 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу