Жүргізушілерден кедергісіз жүріп-тұруы үшін пара алып, сотталды

121

Жамбыл облысында көліктік бақылау инспекциясының басшысы сотталды.  

Жүргізушілерден кедергісіз жүріп-тұруы үшін пара алып, сотталды Фото: uralskweek.kz

Тараз қаласының соты Жамбыл облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Д.Кемеловқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Антикордың мәліметінше, шенеунік жүк автокөліктерінің иелері мен жүргізушілері М. Мамыровтан, Н. Абдуллаевтан және Е. Қанатовтан облыс аумағы бойынша кедергісіз жүріп-тұрғаны үшін 100 мыңнан 450 мың теңгеге дейін бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Мамыров пара берумен қатар, Абдуллаев пен Қанатовтан Кемеловтың пара алуына делдал болған.

Кемелов 6 жылға, Мамыров 3 жылға бас бостандығынан айырылды, пара берушілер Абдуллаев пен Қанатовқа әрқайсысына 5,6 млн теңге айыппұл салынды.

Сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік мекемелерде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу