Жүргізушілердің жауапсыздығынан жол-көлік оқиғалары азаймай тұр

970

Жүргізушілердің жауапсыздығынан жол-көлік оқиғалары азаймай тұр

Алматыда "Автобус" жедел-профилактикалық шарасы жалғасып жатыр. 4 күн ішінде құқық қорғау органының өкілдері 700-ге жуық заңбұзушылықты әшкереледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Жүргізілген рейд барысында техникалық ақауы бар 10 автобусты айып тұрағына қойдық. Осыған байланысты автокәсіпорындардың 8 жетекшісі әкімшілік жазаға тартылды. Сондай-ақ, бір адам көлік басқаруға құқығы болмаса да автобус жүргізгені белгілі болды. Тағы да 4 Өзбекстан азаматы автобуспен жолаушыларды тасымалдаумен айналысқан. Олардың көлік басқармақ түгіл Қазақстан территориясында тұруға рұқсаты жоқ болып шықты", - деді қалалық ІІД басқармасының басшысы Жандос Мұратәлиев.

Оның айтуынша, мұндай жауапсыздық қоғамдық көліктердің қауіптілігін арттыра түседі. "2017 жылдың басынан бері автобустар 78 рет жол апатына түскен. Жол апатынан 4 адам қаза болған, 115 адам жараланған. Автобус жүргізушісінің кесірінен 57 жол апаты болса, оның салдарынан 2 адам қаза болып, 67 адам жараланды", - деді ол.

Айта кету керек, Алматыда қазіргі таңда 21 автокәсіпорын бар. 1800 автобус 112 маршрутта жолаушыларды тасымалдайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу