Жүргізушілерге 40 мың теңге айыппұл салынбақ

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі хабарлайды. 

Жүргізушілерге 40 мың теңге айыппұл салынбақ Фото: inbusiness.kz

Көлік заңдастыруда табысқа жете алмаған шетелдік мемлекеттік нөмірлері бар қазақстандық автокөлік иелері енді қалыпты жалпы шарттармен тіркелуі тиіс. Сонымен қатар, мемлекеттік нөмір алып үлгермеген жүргізушілерге 40 мың теңге көлемінде айыппұл салынбақ, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Айта кету керек, осы шара басталғалы Қазақстанда 304 мың шетелдік көлік заңдастырылған. Оның 21 мыңы – қосалқы бөлшек ретінде кіргізілген темір тұлпар. Ал тағы 55 мың көлік уақытша есепке қойылған. Сондай-ақ, оң рөлді көліктерді шетелден әкелуге 6 айға тыйым салынған болатын. Себебі, бұл көліктің түрін бөлшектеп кіргізуге де болмайды.

"Заңдастыруды өтпеген шетелдік автокөліктерге келетін болсақ, олар техникалық және экологиялық талаптарға сәйкес келген жағдайда көзделген барлық төлемдерді төлеумен тіркеуге жатады. Бұл ретте, автокөлік иелеріне белгіленген тәртіпте тіркелмеген автокөліктерді қолдану үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылатынын еске саламыз", – деп түсіндірді ҚР Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Алтынбек Жамалиев.

Еске сала кетейік, Қазақстанда шетелдік көліктерді заңдастыру өткен жылдың қаңтар айында басталған. Өтініштер шілде айына дейін қабылданып, 2023 жылдың соңына дейін қаралды. Осы уақыт ішінде көлік иелері 200 мың теңге қайта өңдеу ақысын және тіркелу үшін аз мөлшерде төлем жасап, көлікті тіркей алатын. Сондай-ақ, полицейлер 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінген көліктерді қазақстандық тіркеуге алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу