Жүргізушілерге арналған қазақстандық мобильді навигатор жасалды

343

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "ҚазАвтоЖол" компаниясымен бірлесіп республикалық маңызы бар автожолдардағы қауіпсіздікті арттыру және кері байланысты жақсарту мақсатында Sapar мобильді қосымшасын әзірледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жүргізушілерге арналған қазақстандық мобильді навигатор жасалды Фото: inbusiness.kz

Қосымшаны PlayMarket және AppStore-дан жүктеп алып, пайдалануға болады.

Мобильді қосымшада навигациясы бар маршрутты салу функционалы қолжетімді, автожолдардың ағымдағы жай-күйі, трассалардың ашылуы/жабылуы, айналма жолдар, жөндеу жұмыстары, метеожағдай туралы өзекті ақпарат бар.

Республикалық жолдардың бойында орналасқан жол бойындағы сервис объектілері туралы бүкіл өзекті ақпарат жиналды.

Ақылы жол учаскелері бойынша жол жүру теңгерімін толықтыруға мүмкіндік бар.

ҚазАвтоЖолдың колл-орталығын жылдам теру функциялары, сондай-ақ байланыс орталығына ЖКО, жолдардың авариялық учаскесі, қозғалыс кезіндегі кедергі туралы мәтін, фото және видео түрінде хабарлау мүмкіндігі көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу