Жүргізушіні куәлігінен айыру полицияның құзырына берілмек

746

Жүргізушіні куәлігінен айыру полицияның құзырына берілмек

Жүргізушіні куәлігінен айыру үшін соттың шешімі енді керек болмай қалуы мүмкін Ол полицияның құзырына берілмек. Ішкі істер министрлігі осындай заң жобасын жасап жатыр. Дегенмен, полиция шешімімен келіспеген жағдайда, азаматтардың сотқа шағымдану құқығы қала береді, деп хабарлайды КТК.
Министрліктің мұндағы мақсаты, маңызы төмен мәселелермен соттың басын қатырмау екен. Өйткені, заң жобасын жасаушылардың мәліметінше, 2016 жылы сотқа 7,5 мың шағым түсіпті. Соның жартысынан астамы көліктердің ереже бұзуына қатысты. Бірақ, көпшілігі нәтижесіз қалады. Тек 690 қаулы өзгертілген. Сондықтан, ішкі істер министрлігі заң жобасы арқылы сот құзыретінен әкімшілік кодексте көрсетілген кей ережелерге қатысты істерді қарауды алып тастауды көздейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу