Жүргізушіні ұрған бұзақыны халық даттап, артынан ақтады: психологтар мұны "тобырлық ойлау" деді

6351

Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған бұзақы табылғанша қоғам арасында қызу талқы жүрді.   

Жүргізушіні ұрған бұзақыны халық даттап, артынан ақтады: психологтар мұны "тобырлық ойлау" деді Фото: Inbusiness.kz

"Оны жазалау керек, түрмеге отырғызу қажет, мазһабын сұраңдар" деген түрлі пікірлер үдеп кетті. Алайда халықтың бұл пайымы көпке созылмады. Жүргізушіні жарақаттаған азамат елдің алдына шығып, кешірім сұрағаны сол еді, кеше ғана кіжінгендер жібіп сала берді. Тіпті соққы алған жедел жәрдем тізгіншісі де кешірім беруге даяр отыр.

"Жалпы осыған ұқсас оқиғалар кезінде халық алдымен даттап, артынан ақтайтын тенденция бұрыннан бар. Қоғамның тез арада құбылуы психологияда тобырлық, топтық ойлау деп аталады",- дейді мамандар.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу