Instagram әлеуметтік желісінде Kris_p_brothers_official тобы әйел мен баланың жүргізушісіз қалған автобустан түспек болып, құлап кеткені түсірілген видео жариялады.
Оқиға 1 шілдеде Алматының Алатау ауданы ХҚКО жанында орын алған. Жеңіл автомобильмен соқтығысқан автобустың жүргізушісі көлікті тоқтатып, сыртқа шықты, ал автобус өздігінен қозғалып, жүріп кеткен. Жанындағы кішкентай баласымен бірге түсіп қалуға тырысқан әйел есіктен бар екпінімен құлап түсті. Абырой болғанда, автобусты жолаушылардың бірі келіп, тоқтатып алды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу