Жүріп бара жатқан қоғамдық көлікке жабысқан блогер жазаланды

470

2001 жылы туған азамат өзінің заңсыз әрекеттерін камераға түсіріп, желіде жариялаған.  

Жүріп бара жатқан қоғамдық көлікке жабысқан блогер жазаланды Фото: inform.kz

Алматы қаласы Полиция департаментінің хабарлауынша блогер бұл әрекетті танымалдылығын арттыру мақсатында жасаған.

"Менің ойымша, құқық бұзушы мұндай әрекеттердің оның өмірі мен денсаулығына ғана емес, сонымен қатар жол қозғалысының басқа да қатысушыларына қауіп төндіретінін білмеді деп ойламаймын. Аталған азамат өзін полиция қызметкерлерінің заңға сәйкес шара қолдану үшін іздеп жүргенін біле тұра, мұқият жасырынған, бірақ 10 қараша күні кешке ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 560-бабында көзделген құқық бұзушылықты (Теміржол көлігі құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны) жасағаны үшін ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар бұл азаматпен бұдан әрі құқықтық тәртіпті бұзудың алдын алу бойынша профилактикалық әңгіме өткізілді", – деді метрополитендегі Полиция басқармасының бастығы Тимур Өсекбаев.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу