Қазақстандық журналист Ибрагим Кубеков 66 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Әкесінің қазасын көпшілікке естірткен ұлы: "Кеше Бургас қаласында (Испания) әкем Ибрагим Кубековтың қайтыс болғанына қатты қайғырдым. Қоштасар күні мен орнын кейінірек хабарлаймын. Жақындарыңызға қамқор болыңыздар!" – деп жазды әлеуметтік желіде.
Ибрагим Кубеков – қазақстандық график, карикатурист. 1957 жылы Украина КСР Ворошиловград қаласында дүниеге келген. 1960 жылдардың басынан бастап Алматы қаласында тұрған. 1978-1982 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының көркемсурет және графика факультетінде жоғары білім алған.
Ибрагим Кубеков шығармашылық жолын 1990 жылдардың басында "Караван" газетінің редакциясынан бастап, аз уақытта өткір де тапқыр карикатурист ретінде танымал болды. Оның шығармалары жазуды қажет етпеді – саяси-әлеуметтік құбылыстардың мәнін бір ғана суретпен жеткізе білді.
1980 жылдардың аяғынан бастап 40 жылға жуық газет графикасы саласында еңбек еткен Ибрагим Көбеков "Дружные ребята", "Караван", "Мегаполис", "Ковчег", "Информбюро" сияқты басылымдарға мультфильмдер мен карикатуралар түсірді. Ибрагим Кубеков – бүкілодақтық және халықаралық карикатура байқауларының қатысушысы және жүлдегері. Оның туындылары республиканың ірі мұражайлары мен залдарында қойылған.