Журналист білген мәліметті ШҚО санитарлары білмей ме?

1007

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкіліне Семейде "карантин уақытында той жасаған шенеунікке" қатысты сұрақ қойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.  

Журналист білген мәліметті ШҚО санитарлары білмей ме?

"Жуықта БАҚ бетінде семейлік шенеунік той жасағаны туралы жаңалық жарияланды. Шенеуніктің кім екені анықталды ма және оған қандай жаза тағайындалды?" – деді сұрақ қойған журналист.

Сұраққа департамент басшысының орынбасары Сәуле Сләмғазина жауап берді.

"Бас санитариялық дәрігердің қаулысында айтылған отбасылық жиын-тойларға қатысты шектеулердің бұзылмауы бойынша Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тиісті шаралар қабылдап жатыр. Шектеу шараларын бұзушылар әкімшілік жауапқа тартылуда. Аталмыш факт бойынша материал басқармалар мен министрліктердің қарауына жөнелтілді. Шешім шыққаннан кейін тиісті жаза тағайындалады", – деді Сәуле Слямғазина.

Брифинг модераторы спикерден нақтырақ жауап беруін өтінді.

"Сіз қай оқиға туралы сұрап тұрғаныңызды айтсаңыз. Өйткені бізде ондай оқиға көп", – деп жауап берді Сәуле Слямғазина.

БАҚ өкілі департамент маманынан мәселені қайта-қайта нақтылап сұрағанымен толыққанды жауап ала алмады.

"Демек, арада бір айға жуық уақыт өтсе де қай шенеунік той өткізгенін анықтай алмадыңыздар ма?" – деді журналист.

Ары қарай сәл үнсіздіктен кейін брифинг модераторы диалогты бөліп, спикерден жазбаша жауап жолдауын сұрады.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу