Журналист қайтыс болған лифттің техникалық қауіпсіздігіне жауапты болғандарға сот үкімі шықты

1290

"Жанабек Сервис" ЖШС директоры Кенен Жанабеков пен бір реттік жөндеу жұмысын жүргізген механик Жарылқасын Ақжанов айыпты деп танылды.

Журналист қайтыс болған лифттің техникалық қауіпсіздігіне жауапты болғандарға сот үкімі шықты Фото: informburo.kz

Ақтөбе қалалық сотында лифтідегі қайғылы оқиғаға байланысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Журналист Айзат Әбдісаматтың қазасына байланысты лифтіні жөндеп, іске қосуды өз міндетіне алған "Жанабек Сервис" ЖШС директоры Кенен Жанабеков пен бір реттік жөндеу жұмысын жүргізген механик Жарылқасын Ақжанов айыпты деп танылды.

"Кенен Жанабеков Қылмыстық кодекстің 306- бабы 3-тармағы бойынша айыпты деп танып, 4 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жарылқасын Ақжанов айыпты деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол сот залынан қамауға алынды", - деді судья Ербол Әбдіхалықов.

Жарылқасын Ақжанов 2 миллион теңге моральдық шығын өтеуге тиіс.

Еске салсақ, осы жылдың сәуір айында журналист Айзат Әбдісамат лифт есігіне қысылып, қайтыс болған еді. Осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің "Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот басталмас бұрын Айзат Әбдісаматтың анасы кінәлі адамдардың жазалануын сұрады. Ал прокурорлар сотталушыларды айыпты деп танып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды өтінді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу