Журналист Кеңес Рақышевті бопсалау фактісі бойынша айыпталуда

1144

Мәскеу полициясы Александр Шваревті  Қазақстанның танымал бизнесменінен ақша бопсалағаны үшін айыптауда.  

Журналист Кеңес Рақышевті бопсалау фактісі бойынша айыпталуда

РФ ІІМ Миграция бойынша басқармасы ақша бопсалау фактісі бойынша "Росбалт" агенттігінің тілшісі Александр Шваревқа қатысты қылмыстық іс қозғады. Қазіргі кезде Интерполға мүше барлық елдер бойынша журналистке іздеу жарияланды. Тергеушілер берген мәліметтерге сүйенсек, Шварев пен Ташкент қаласының тұрғыны Әлішер Абдуллаев қазақстандық бизнесмен Кеңес Рақышевтен rucriminal.info сайтындағы "жалған мәліметтерді өшіру үшін" 50 мың доллар талап еткен. 

Ал Шваревтің пікірінше, бұл айыптаулар қисынсыз. 

"Кеңес Рақышевтің баспасөз қызметінің жасырын өкілі белгісіз сайтқа жарияланған ақпараттарды өшіру туралы өтініш жазған. Кейін "белгісіз адамдардан" бұл қызметке ақша төлеу туралы хат келген",– деді Александр Шварев. 

Бұл пікірді Александр Шваревтің қорғаушысы да жақтады. 

"Тағылған айып орынсыз. Бұл ақпаратты кімнің ойлап тапқанын анықтап, білетін боламыз",–деді Шваревтің қоғаушысы Владимир Жеребенков. 

Естеріңізге сала кетсек, Кеңес Рақышев Forbes тізімі бойынша еліміздегі ауқатты бизнесмендер қатарына кіреді. Оның дәулеті 691 млн долларға бағалануда. Ол БТА Банктің иесі, "Стандарт", SAT & Company сақтандыру компаниясының серіктесі. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу