Журналист Козачковтың көлігі бүлінуі туралы Ақпарат министрі пікір білдірді

636

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров журналист Михаил Козачков өз жұмысын заң аясында істеп отыр деп есептейді.

Журналист Козачковтың көлігі бүлінуі туралы Ақпарат министрі пікір білдірді

"ҚР Конституциясының 20-бабы сөз бостандығына кепілдік беретінін еске саламын. Әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар.

Әрине, министрлік БАҚ өкіліне, сондай-ақ оның мүлкіне қатысты мұндай заңсыз әрекеттер жасауға ешқандай себеп жоқ екеніне сенімді. Құқық қорғау органдары мұндай әрекеттерге тез арада құқықтық баға береді деп сенемін. Өз тарапынан министрлік журналистке қатысты құқықтар мен бостандықтардың шектелуін болдырмау және ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық іс жүргізу заңнамасында берілген мүмкіндіктер шеңберінде тергеу барысын қадағалайтын болады", – деп жазды Омаров әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кету керек, кеше журналист Козачков көлігі бүлінгенін және өзіне әлдекімдер қысым жасағанын мәлімдеп, полицияға арыз түсірген. Ол болып жатқан оқиға журналистік қызметімен байланысты деп есептейді және өзіне қысым көрсетуші Алматы қаласы әкімшілік полициясының басшысы Нұрлан Аманбектен күдіктенеді. Бұған дейін Нұрлан Аманбектің ұлының тойынан деп жазба жариялаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу