Журналист Қуандық Шамахайұлының шәкірттері ашық хат жазды

750

Аурухана төсегінде жұмбақ жағдайда көз жұмған журналистің шәкірттері тергеудің әділ өтуін талап етеді. 

Журналист Қуандық Шамахайұлының шәкірттері ашық хат жазды

Қоғамдағы келеңсіздікті сынап, ащы шындықты жұртқа жеткізуден жалықпаған Қуандық Шамахайұлының ауруханада жұмбақ жағдайда қайтыс болуы жұртты дүр сілкіндірді. Журналистің ақтық демі үзілер сәттен, алты сағат бұрын фейсбук парақшасында қалдырған жазбасы жұрттың көңіліне күдік ұялатып, селт еткізген еді. Қуандық Шамахайұлы түн ішінде дәрігерлердің жалғыз өзіне дәрі бергенінен секем алып, мұны қастандық емес па деп жазып кеткен. Өкінішке қарай, бұдан кейін журналист ес жиып үлгерместен, келместің кемесіне мініп жүре берді.

Көпшілікке танымал тұлғаның өлімі, жұртқа осылайша жұмбақ болып қалмауға тиіс деп есептеген шәкірттері алғаш болып үн қатты. Журналистің шәкірттері ҚР Денсаулық сақтау министрі А.В Цойға,  ҚР Ішкі істер министрі Е .З Тұрғымбаевқа , ҚР Бас прокуроры Г. Д Нұрдәулетовке , 1-қалалық аурухананың бас дәрігері М.Қ Абдуовқа ашық хат жазды. Олар ашық хатта журналист өлімінің әділ тергелуін және оны дәрігерлердің қандай дәрі-дәрмекпен емдегені туралы бұқаралық ақпарат құралдарына мәлімдеме жасалсын деп талап етуде.

"Ұстазымыздың соңғы жазбасына орай, тиісті органдардан жауап күтеміз. Бұл біздің ұстаз алдындағы міндеттеріміздің бірі. Берілген дәрінің атауы әлі айтылған жоқ.  Көпшіліктің көңілін күпті етіп, неліктен кенеттен қайтыс болғаны жайлы мәлімет болмады.  Ашық хатымыз арқылы Қуандық Шамахайұлының артында оның қазасына бей-жай қарай алмайтын халық бар екенін ескерткіміз келді",  –деп мәлімдеді қарағандылық журналист  Жазира Есенхан. 

Арайлым Еркебаева 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу