"Журналист құқығын шектеуге жол бермейміз": Балаева Бишімбаев сотына қатысты пікір білдірді

529

Ведомство басшысы министрліктің әрқашан журналист құқығын шектеуге жол бермеу, ақпаратқа еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету және объективті ақпарат тарату ұстанымын берік сақтайтынын атап өтті. 

"Журналист құқығын шектеуге жол бермейміз": Балаева Бишімбаев сотына қатысты пікір білдірді Фото: МТРК

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қуандық Бишімбаевтың ісі қаралып жатқан сот залына журналистердің кіргізілмеуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ведомство басшысы министрліктің әрқашан журналист құқығын шектеуге жол бермеу, ақпаратқа еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету және объективті ақпарат тарату ұстанымын берік сақтайтынын атап өтті.

"Бұл ретте кешегі сот отырысында арнайы орынның болмауына байланысты БАҚ өкілдері сот отырысын белгіленген бөлек бөлмеде отырып көрді. Алайда БАҚ өкілдеріне тиісті орындар болуы керек. Осы жағдайды ескере отырып, министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, журналистерді қажет орындармен қамту жұмысын жүргізетін болады", - деп жазды А. Балаева.

Министр БАҚ өкілдерін сот процесін жариялау кезінде бірқатар этикалық аспектіні, атап айтсақ, заң үстемдігін, бейтарап әділеттілікті ескеріп, жалған ақпараттың таралуынан және кез келген формада сот қызметіне араласудан сақ болуға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу