"Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы" байқауына өтінім қабылдау жалғасуда

1104

 "Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы" байқауына өтінім қабылдау жалғасуда

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы мен Қоры баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында Қазақстан республикасының тәуелсіздік күніне арналған "Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы" тақырыбы бойынша таңдаулы материалдарға жыл сайынғы ашық байқау жарияланды, деп хабарлайды astana.gov.kz.

Байқаудың мақсаты – елдің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін көрсету, Қазақстан мемлекеттілігінің негізі ретінде "Назарбаев моделін", елбасының идеялары мен бастамаларын танымал ету.

Байқаус төрт номинация бойынша өткізіледі:

1) "Үздік теледидар материалы";

2) "Үздік радиоматериал";

3) "Газеттер мен журналдардағы үздік мақала";

4) "Ғаламтор-БАҚ-тағы үздік жарияланым".

Номинациялардың әрқайсысы бойынша жеңімпаздарға 1 миллион теңге мөлшерінде ақшалай жүлде беріледі, ал екінші және үшінші орындар үшін тиісінше – 500 мың және 200 мың теңге беріледі. Одан басқа, барлық жүлдегерлерге дипломдар мен омырауға тағатын белгілер тапсырылады.

Байқауға кәсіпқой журналистер жеке және ұжымдық негізде де қатыса алады.

2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 10 қазан мерзімі бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде ресми жарияланған (басылған, эфирге шығарылған, ғаламторда орналастырылған) бірегей материалдар қабылданады.

Байқаудың қорытындысын құрамына белгілі журналистер, Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері енген Конкурс комиссиясы шығарады.

Жеңімпаздарды марапаттаудың салтанатты рәсімі Тәуелсіздік күні қарсаңында өткізіледі.

Байқауға қатысуға өтінімдер беру 2017 жылғы 1 маусымнан басталған. 10 қарашаға дейінгі мерзімде әкеліп беру тәртібімен немесе поштамен жөнелту арқылы мына мекен-жайда: Z05S5X1, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Ә.Бөкейхан көшесі, 10, 213-каб., "Қазақстан тәуелсіздігі және Елбасы" конкурсына" деген белгісімен қабылданады. Байланыс телефондары: 7172) 69-30-54, 69-30-56, 69-30-57, 75 12 15, 8701 355 13 63 WhatsApp.

Байқауды өткізудің шарттары мен уақыты туралы толық ақпаратпен  www.presidentlibrary.kz,  www. presidentfoundation.kz сайттары арқылы танысуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу