Журналистер арасында конкурс жарияланды

1150

Журналистер арасында конкурс жарияланды

"Журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін" Шығыс Қазақстан облысы әкімінің сыйлығына конкурс жарияланды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі журналистер арасында "Журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін" Шығыс Қазақстан облысы әкімінің сыйлығына конкурс жариялады. Құжаттар 20 маусымға дейін қабылданады.  
Үздік журналистерге сыйлық объективтегі өмір, үздік өңірлік баспасөз басылымы (облыстық деңгей, аудандық деңгей), сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбындағы ең үздік репортаж, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы жарияланған үздік сараптамалық материал,
Қазақстан Республикасы президентінің "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Қазақстан халқына жолдауының жүзеге асырылуы туралы үздік материал, "Шығыс Қазақстан – Менің Отаным" тақырыбындағы үздік патриоттық материал, үздік ақпараттық желілік басылым, журналистикадағы дебют, үдік режиссерлік жұмыс,теле және радиожурналистикаға қосқан үлесі үшін номинациялар бойынша сыйлық тапсырылады. Конкурстың ережесі  http://www.dvpvko. gov.kz сайтында орналасқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу