Журналистер құқығын қорғайтын комитет Қазақстан билігін Диана Сапарқызына жасалған шабуылды тексеруге шақырды

702

Журналист Прокуратура мен Полицияның бұл іске қатысты әлі жауап бермегенін айтады.

Журналистер құқығын қорғайтын комитет Қазақстан билігін Диана Сапарқызына жасалған шабуылды тексеруге шақырды Фото: inbusiness.kz

“Қазақстан” шахтасында бес кеншінің өмірін қиған өрттен кейін оқиға орнына барған КазТАГ агенттігінің тілшісі Диана Сапарқызына шабуыл жасалған болатын.

Шахтаның аумағында бес ер адам  журналисті итеріп , жұлқып ұялы телефонын тартып алған. Диана Сапарқызының айтуынша олар журналистің кәсіби қызметіне кедергі келтіріп оқиға орнын түсіртпеген және  ұялы телефондағы кейбір бейнежазбаларды өшіріп тастаған. Содан кейін олар журналистке ұялы телефонын қайтарып оны сол аумақтан жұлқып, қуып шыққан.

Бүгінде журналистерді қорғайтын халықаралық құқық қорғау ұйымы Қазақстан билігін Диана Сапарқызына жасалған шабуылға қатысты тексеріс жасауға шақырды.

Бұл туралы комитет сайтында мәлімет таратқан.

Осыдан бес күн бұрын Диана Сапарқызы жергілікті полиция мен облыстық прокуратураға арыз жазған. Бүгінде құқық қорғау органдары арызды тіркегенмен қандай да бір нәтижені жариялаған жоқ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу