Журналистер мәртебесін көтеру үшін жаңа заң жобасын әзірлеудің керегі жоқ

1159

Асқар Маминнің пікірінше, "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заң саладағы қоғамдық қатынастарды реттеп отыр.

Журналистер мәртебесін көтеру үшін жаңа заң жобасын әзірлеудің керегі жоқ

Премьер-министр Асқар Мамин журналистер мәртебесін көтеру туралы сауалға жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заң бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және журналистердің еркін кәсіби қызметіне кепілдік береді. Аталған заңда журналистердің құқықтары мен міндеттері, журналистерді аккредиттеу тәртібі және журналистер қызметіне байланысты басқа да мәселелері, сонымен қатар шетелдік БАҚ өкілдіктері мен олардың журналистерін аккредиттеу қағидаларын  реттеу тетігі белгіленген. Осыған байланысты, қолданыстағы заңнама журналистердің қызметін толық реттейтін болғандықтан, бұл салаға қатысты оны қайталайтын қосымша жеке заң жобасын әзірлеуге қажеттілік жоқ деп санаймыз", – деді Үкімет басшысы сауалында.

Айта кетейік, осыған дейін Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп журналист мәртебесі туралы арнайы заң қабылдауды ұсынып, Асқар Мамин депутаттық сауал жолдаған еді. Премьер-министрдің сенаторға жауабы Сенат сайтында жарияланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу