Журналистер мен блогерлерге қатысты қылмыс жасады деген 18 адам ұсталды – ІІМ

620

Соңғы 6 айда журналистер мен блогерлерге қатысты заңсыз әрекеттер жасағаны үшін 18 адам ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР ІІМ сілтеме жасап.    

Журналистер мен блогерлерге қатысты қылмыс жасады деген 18 адам ұсталды – ІІМ Фото: polisia.kz

2022 жылғы қыркүйектен бастап биылғы 20 ақпанға дейін Алматы және Астана қалаларында 6 журналист пен блогерге, сондай-ақ 1 адамға қатысты олардың қызметімен байланысты бірқатар құқыққа қарсы әрекеттер жасалған.

"Жәбірленушілерге қатысты жылжымайтын мүлікке қасақана зақым келтіру, автокөліктерді өртеу, оларға әртүрлі заттарды жөнелту арқылы қорқыту фактілері, жәбірленушілердің мекенжайлары бойынша терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалар және Интернет желісінде дербес деректерін тарату фактілері жасалды. Осы қылмыстарды ашу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. ҚР ҚК 115 "Қауіп", 147 "Жеке өміріне қатысты мәліметтерді тарату", 158 "Журналистік қызметке кедергі жасау", 202 "Бөтеннің мүлкін қасақана жою", 293 "Бұзақылық" баптары бойынша 20 қылмыстық іс қозғалды. Бұған қатысы бар 18 адам ұсталды", - делінген хабарламада.

Қазір қажетті тергеу-жедел іс-әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу