22 маусым күні мәжіліс бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін "Парламент сөзі" сыйлығымен марапаттайды, деп хабарлайды мәжілістің баспасөз қызметі.
Парламенттік сыйлықпен палата депутаттарының заң шығару қызметін теледидар, мерзімдік баспасөз беттерінде және ақпараттық агенттіктер мен радиода үздік жазып, көрсеткендер марапатталады.
Сонымен қатар, Қазақстан парламенттік журналистикасының дамуы мен өркендеуіне үлес қосқандар да ескерілетін болады.
Қазақстан республикасы парламенті мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин өткен сессияның аяғында журналистерге арналған сыйлық белгілеу бойынша мәжіліс бюросының шешімін жариялаған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу