Журналистерге арналған "Парламент сөзі" сыйлығына өтінімдер қабылдау басталды

715

Мәжіліс заң шығару қызметін үздік насихаттаған журналистерге арналған "Парламент сөзі" сыйлығына үміткерлерден өтінім қабылдауды бастады.

Журналистерге арналған "Парламент сөзі" сыйлығына өтінімдер қабылдау басталды

Мәжіліс биыл да БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында "Парламент сөзі" сыйлығының жеңімпаздарын анықтайтын болады, деп хабарлайды parlam.kz.

Арнайы парламенттік сыйлық 2016 жылы Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалық етуімен Мәжіліс Бюросының шешімі бойынша тағайындалған.

Атаулы сыйлыққа Палатаның заң шығарушылық қызметі жайында 2019 жылдың 3 қыркүйегі мен 2020 жылдың 15 маусымы аралығында жазылған және жарық көрген материалдар қабылданады.

Жеңімпаздар Мәжілістің қызметі туралы үздік телевизиялық, мерзімдік баспасөз, ғаламтор мен радиоматериалдар, сонымен бірге, фото және бейне- материалдар бойынша анықталады.

Сондай-ақ, Қазақстан парламенттік журналистикасының дамуы мен өркендеуіне үлес қосқандар да ескерілетін болады.
Өтінімдер 2020 жылдың 22 маусымына дейін қабылданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу