Журналистика саласында тағы бір сыйлық тағайындалды

613

Журналистика саласында тағы бір сыйлық тағайындалды

Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев журналистика саласында тағы бір сыйлықтың тағайындалғанын жариялады.

"Құрметті достар! Биылғы жылы отандық телевизияның үздіктері "Тұмар" сыйлығымен марапатталғаны белгілі. Осы орайда біз басқа БАҚ өкілдерінің еңбегін де ескергенді жөн көрдік. Сонымен, баспа, радио- және интернет журналистика саласына арналған тұңғыш ұлттық "Үркер" сыйлығын жариялаймыз", – деп жазды министр әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Министр: "басты мақсат – талантты журналистер мен сапалы медиа-жобаларға қолдау көрсету", – дейді. Байқаудың қазылар алқасы осы саланың майталмандары мен қоғам қайраткерлерінен және сарапшылардан құралады. Қазылардың толық тізімі алдын ала жарияланады.

"Сыйлық 15 номинация бойынша беріледі. Журналистиканың дәстүрлі салаларымен қатар, "Үздік фотосурет", "Қазақстан туралы ең үздік танымдық материал" және "Қазнеттегі медиа серпіліс" сияқты бағыттар қамтылады. Байқауға өтініш 7 мамырдан бастап el.kz сайтында қабылданады,Сыйлыққа қатысты егжей-тегжейлі ақпарат та сонда. Салтанатты марапаттау журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында ұйымдастырылады", – дейді Дәурен Абаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу