Журналистика саласындағы "Әскер Медиа" жүлдесі табысталды

1292

Қарулы Күштердің тыныс-тіршілігін жариялауда үздік деп танылған отандық және шетелдік журналистер мен блогерлердің есімі аталды.    

Журналистика саласындағы "Әскер Медиа" жүлдесі табысталды

 

ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери журналистика саласындағы "Әскер Медиа – 2019" жүлдесінің жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

  • "Телевидениедегі үздік материал" номинациясы бойынша "Хабар" телеарнасының жүргізушісі Мырзабек Түсіпов;
  • "Радиодағы үздік материал" номинациясымен – Гүлбану Мұхтарқұлова;
  • "Шетелдік БАҚ-тағы үздік материал" номинациясы бойынша Беларусь Республикасы Қорғаныс министрлігі "Во славу Родины" әскери газетінің корреспонденті – Игорь Кандраль;
  • "Баспасөз БАҚ-тағы үздік материал" номинациясымен "МК в Казахстане" газетінің тілшісі – Алексей Мальченко;
  • "Интернет БАҚ-тағы үздік материал" номинациясы бойынша "Tengrinews.kz"  ақпараттық агенттігінің корреспонденті – Әсел Сатаева;
  • "Үздік фото жұмыс" номинациясымен – Айтжан Мұрзанов;
  • "Әскери тақырыпты жария ететін үздік блогер" номинациясымен блогер – Асқар Қаймақов;
  • Үздік арнайы жоба үшін "Агентство Профи-С" ЖШС-ден – Лимара Удасова;
  •  "Өңірлік телевидениедегі үздік материал" бойынша "Ontustik" телеарнасынан – Серғали Жарылқасынов;
  • "Өңірлік радиодағы үздік материал" номинациясында "Атырау" радиосынан –Нұркен Әмірашев;
  •  "Өңірлік баспа БАҚ-тағы үздік материал" үшін "Жетісу" газетінің тілшісі – Әнербай Мәулен;
  • "Өңірлік интернет БАҚ-тағы үздік материал" номинациясымен "TuranInfo" ақпараттық-агенттігінің тілшісі – Дастан Исламбек марапатталды.

Лауреттарға дипломдар, естелік мүсіншелермен және бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Әскери журналистика саласындағы "Әскер Медиа" жүлдесі бұл – әскери тақырыпты жария етіп жүрген журналистер мен блогерлерді қолдау үшін Қазақстан Қорғаныс министрлігі құрған бірегей алаң.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу