Журналистиканы бітіргендердің 40%-ы мамандық бойынша жұмыс істемейді – вице-министр

1322

Кемелбек Ойшыбаевтың пікірінше, бұл мәселеге назар аудару керек.  

Журналистиканы бітіргендердің 40%-ы мамандық бойынша жұмыс істемейді – вице-министр

Елімізде журналистика факультетін тәмамдағандардың 40%-ы мамандық бойынша жұмыс істемейді. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ол еліміздегі журналистика факультеттерінде арнайы талдау жүргізілгенін атап өтті.

"Талдау барысында журналистика факультетіндегі студенттердің 40% -ы жоғары оқу орындарын бітіргеннен кейін журналист болып жұмыс істемейтіні анықталды. Бұл жақсы емес. Осы мәселеге назар аудару керек. Бірнеше рет университет ректорларымен, Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық универсиеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі журналистика факультеттерінің декандарымен кездесу өткіздік. Олар бұл мәселені шешуге тырысатынын айтты", - деді Кемелбек Ойшыбаев "Қазақстанның медиа саласын дамыту" тақырыбында өткен кеңесте.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу