Журналистің қоғамдағы орны заң жүзінде анықталмаған

725

Премьер-министрдің атына жолдаған депутаттық сауалында Сенатор Нұртөре Жүсіп осылай мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Журналистің қоғамдағы орны заң жүзінде анықталмаған

"БАҚ туралы" заңда және еліміздің Еңбек кодексінде журналистердің мәртебесі мен кепілдігі туралы бап жоқ. Салалық заңда журналистердің құқығы мен міндеті ғана жазылған. Мұның барлығы журналистердің өте жауапты және қауіпті жұмысын ескермеудің белгісі", – деді депутат. 

Ол отандық журналистиканы дамыту үшін журналистердің мәртебесін көтеріп, әлеуметтік кепілдікпен және қорғаумен қамтамасыз ету маңызды екеніне назар аударды. 

"Пандемия кезінде журналистер дәрігерлермен, полицейлермен және құтқарушылармен тең дәрежеде жұмыс істеді. Бірақ БАҚ қызметкерлері бұл үшін ешқандай қосымша ақы және әлеуметтік кепілдік алған жоқ. Журналистер жеңілдік бойынша тұрғын үй алуға да үміткер бола алмайды. Себебі олар мемлекеттік қызметкер немесе азаматтық қызметкер емес", – деді Нұртөре Жүсіп.

Сенатор журналистерге сот, прокуратура, ішкі істер, адвокат, нотариус сияқты нақты мәртебе беретін кез келгенін атап өтті. 

"Бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалынсыз қоғамды демократияландыру мүмкін емес. Сондықтан Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін арнайы әлеуметтік мәртебе  арқылы қолдауды әрі қорғауды ұсынамыз. Бұл үшін "Журналист мәртебесі туралы" арнайы заң қабылдау қажет деп ойлаймын", – деді депутат. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу