Журналистке қысым ба? Вадим Борейконың операторларына тиесілі көлікті кім өртеді?

543

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі журналист Вадим Борейконың операторларына қарсы жасалған шабуылға қатысты мәлімдеме жасады,  деп жазады inbusiness.kz.  

Журналистке қысым ба? Вадим Борейконың операторларына тиесілі көлікті кім өртеді? Фото: Ratel.kz

"Алматы қаласының Ішкі істер департаменті сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жасап, тиісті сараптама тағайындады. Мәселенің мән-жайы нақтыланып жатыр. ҚР АҚДМ журналистік қызметке кедергі келтіруге жол бермейді және барлық қажетті көмекті көрсетеді" - делінген хабарламада.

Айта кетейік, өткен түнде журналист Вадим Борейко қос операторының машиналарын белгісіз біреулер қасақана өртеп кеткенін жеке парақшасына видеосын жүктеп салған еді. Аталған фактіні Алматы қалалық полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 202 бабы, 2 тармағына сәйкес тіркеді, тергеп тексеру амалдары жүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу