"Жұртқа жақын полиция" жоспары жүзеге асырылып жатыр – Ерлан Тұрғымбаев

1010

Жыл басынан бері елдегі қылмыс көрсеткіші 2,5%-ға азайды. Қарақшылық шабуыл – 7%-ға, тонау – 22%-ға, бұзақылық – 26%-ға қысқарды. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев халыққа есеп беру барысында баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Жұртқа жақын полиция" жоспары жүзеге асырылып жатыр – Ерлан Тұрғымбаев Фото: inbusiness.kz

Министрдің мәлімдеуінше, жасөспірімдер арасындағы, қоғамдық орындар мен көшелердегі және адамдардың мас күйде жасайтын қылмысы да айтарлықтай төмендеді. 

"Қоғамдық орында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылып, 
"Жұртқа жақын полиция" жоспары жүзеге асырылып жатыр. Осы жұмыс шеңберінде тұрғын үйлердің маңайында, саябақтарда және скверлерде жаяу патрульдердің саны көбейді. Қалалардағы аса криминогенді аймақтарда "Модульді полиция" бекеті орнатылды. Бұл жерде азаматтар тәулік бойы қабылданады. Оларға тиісінше көмек көрсетіледі", – деді Ерлан Тұрғымбаев. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу