Жұртты 10 млн теңгеден аса шығынға батырған алаяқ Беларусьтен елге әкелінді

95

Күдікті Астанадағы тергеу изоляторына қамалды.

Жұртты 10 млн теңгеден аса шығынға батырған алаяқ Беларусьтен елге әкелінді Фото: видео скриншот

Бас прокуратураның қызметкерлері Қазақстанның Беларусьтегі елшілігінің көмегімен, күдіктіні Беларусь Республикасынан ірі мөлшердегі алаяқтық үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында экстрадициялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ол 2022 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың тамызына дейінгі кезеңде Түркістан қаласында бір топ адам болып әрекет етіп, "кәсіп ашу үшін тегін ақшалай грант алуға көмектесеміз" деген сылтаумен 13 азаматтың қаражатын ұрлаған, оларға 10 миллион теңгеден ірі мөлшерде шығын әкелді", – делінген хабарламада.

Бұл қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеу арқылы үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде жаза қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу