Жұртты дүрліктіретін жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылады - министр

1002

Жұртты дүрліктіретін жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылады - министр

ҚР бас прокуратурасы WhatsApp мессенджері арқылы менингитке қатысты тарап жатқан хабарларды тексеріп жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлім етті, деп хабарлайды 24.kz.

"Бас прокуратура тергеу шараларын бастады. Егер де заңнаманы бұзу фактілері анықталса, оның ішінде ақпараттық хабарламалар бойынша заңсыздықтар болса, онда бұл адамдар жауапқа тартылуға тиіс деп ойлаймын. Себебі халық арасында дүрбелең тудырмас үшін, тиісті шаралар қабылдау керек", – деді министр.

Ведомство басшысы осы орайда ресми ақпарат көздеріне назар аударуға шақырды.

"Денсаулық сақтау министрлігі барлық қажетті жұмыстарды жүргізіп жатыр, сәйкесінше тиісті ақпараттарды ұсынды. Дүрлігуге ешқандай негіз жоқ", - деп түйді Елжан Біртанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу