Жұрттың ай сайын жұмсайтын қаржысының тең жартысынан көбі азық-түлікке кетеді – Тоқаев

1154

Мемлекет басшысының сөзінше, Үкіметтің әрекеті көңіл көншітпей отыр. 

Жұрттың ай сайын жұмсайтын қаржысының тең жартысынан көбі азық-түлікке кетеді – Тоқаев Фото: AltayNews

Соңғы 15 жылда елде азық-түлік бағасының күрт өскені байқалып отыр. Биылғы ақпан айында инфляция деңгейі 21,3 пайызға жетіп, шарықтау шегіне жетті, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңейтілген кеңесте мәлімдеді.

"Жұрттың ай сайын жұмсайтын қаржысының тең жартысынан көбі азық-түлік алуға кетеді. Үкіметтің әрекеті жеткіліксіз болып отыр. Тыйым салу және шектеу шаралары уақытша ғана әсер етеді. Мұндай қадамдар қиындықтың бетін қайтарса да, одан біржола құтылуға мүмкіндік бермейді, тіпті, мәселені ушықтырады деуге болады", - деді ол.

Мемлекет басшысының сөзінше, ауыл шаруашылығы және өндіріс саласының дамуында нақты нәтиже жоқ.

"Азық-түлік инфляциясының басты себебі де – осында. Елімізде өндірілетін тауардың көлемі ішкі сұранысты қамтамасыз етуге жетпейді. Импортқа тәуелдіміз", - деп атап өтті Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу