Жүру ақысын төлеуден жалтарған 181 жолаушыға айыппұл салынды

1035

Жүру ақысын төлеуден жалтарған 181 жолаушыға айыппұл салынды

"Astana LRT" ЖШС мәліметі бойынша биылғы жылдың басынан бері қоғамдық көлікте жолаушыны билетсіз тасымалдаудың 1749 фактісі анықталды. Жолаушыны билетсіз тасымалдағанда салынатын айыппұлдың көлемі 12 025 теңге, деп хабарлайды elorda.info.

Сондай-ақ мекеме жыл басынан бері автобустардағы рейд кезінде қоғамдық көлікте жүру ақысын төлеуден жалтарған 181 жолаушыға айыппұл салынғанын хабарлады. Қоғамдық көліктегі жолақысын төлемеген жағдайда екі АЕК мөлшерінде, яғни 4 810 теңге айыппұл салынады.

"Егер валидатор жұмыс істемеген немесе валидатор төлемді қабылдамаған жағдайда автобус ең соңғы аялдамаға барып, мінген жолаушыларды түсіруі керек. Автобусқа отырған жолаушы үшін қалай болғанда да жолақысы тегін болады", - деді "Astana LRT" ЖШС басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов.

Сонымен қатар, жолақысын төлемеген жолаушы үшін автобус жұмысын тоқтатады. Себебі, оқиға орнына 102 қызметі шақырылып, акт толтыру үшін полиция бөлімшесіне барады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу