"Жусан" операциясының жалғасы: Сириядан бір топ қазақстандық оралды

1108

4 ер адам, 1 әйел және 2 жетім бала елге жеткізілді.  

"Жусан" операциясының жалғасы: Сириядан бір топ қазақстандық оралды

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ҚР Сыртқы істер министрлігі бірлесе отырып АҚШ және өзге де халықаралық серіктестердің қолдауымен Сириядан бір топ қазақстандық азаматты елге қайтару операциясын өткізді.

СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, елге 4 ер адам, 1 әйел және 2 жетім бала жеткізілген.

"Ұлттық заңнамаға және халықаралық міндеттемелерге сәйкес, террористік іс-әрекетке қатысқан адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Жетім балалар жақын туыстарының қамқорлығына беріледі және мемлекет тарапынан оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі. Әйелдер мен балалар оңалту және қайта әлеуметтендіру бағдарламаларымен қамтамасыз етіледі",– деп жазылған олардың болашағы туралы хабарламада.

Айта кетсек, Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев санкциялаған террористік әрекеттер белсенді жүргізіліп жатқан аймақтардан азаматтарымызды қайтару операциясы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастаған "Жусан" операциясының жалғасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу