Жуырда Алматыда тағы екі зауыт ашылады

1053

Өндіріс орындарын салуға 6,3 млрд теңге қаражат бөлінген.

Жуырда Алматыда тағы екі зауыт ашылады

Almaty Invest қаржылық орталығының мәліметтеріне сүйенсек, қазан айының соңына дейін құны 3,8 млрд теңгеге бағаланған энерготиімді жабындылар жасайтын зауыт іске қосылмақ. Кәсіпорын жылына 475 мың шаршы метр өнім шығарады деп жоспарлануда. 

Ал қараша айында жаңартылған сұйық май зауыты ашылады. Аталмыш кәсіпорынды модернизациялауға 2,5 млрд теңге қарастырылған. Зауыт жылына 20 мың тонна өсімдік майын шығарады. Нәтижесінде сырттан келетін пальма майына деген сұраныс төмендеуі мүмкін. Сонымен қатар, дайын өнімдерді ТМД мемлкеттеріне экспорттау мәселесі қарастырылуда. 
Бұдан бөлек, жыл соңына дейін дәнекерлеу тәсілімен үлкен диаметрдегі болат құбырлар шығаратын зауыт іске қосылмақ. Жобаның жалпы құны – 40 млрд теңге. 

Сондай-ақ, қазіргі кезде Алматыда ет өңдеуші кәсіпорын салынуда. Бұл жобаны жүзеге асыруға  3,6 млрд теңге қаражат бөлінген. Комбинат жылына 3,5 мың тонна дайын өнім шығармақ. 

Almaty Invest қалада Hyundai маркалы жеңіл көліктерді құрасыру қайта жолға қойылатынын да хабарлады. Жобаның жалпы құны – 25 млрд теңге. Алғашқы жылдары кәсіпорын жылына 30 мың, одан кейінгі кезеңге 45 мың автокөлік шығарады деп жоспарлануда.  

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу