Жуырда Алматыға ресейлік вакцинаның 1450 дозасы жеткізіледі

1188

Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев 1 ақпаннан бастап жүргізілетін вакцинация мәселесі туралы тың ақпараттармен бөлісті. 

Жуырда Алматыға ресейлік вакцинаның 1450 дозасы жеткізіледі

"Қаңтардың соңында Алматыға ресейлік Спутник-V вакцинасының 1 450 дозасы жеткізіледі. Ақпан айында 6 мың доза вакцина және шілде айына дейін 150 мың доза алу жоспарланған. Айта кетейік, бүгінде қазақстандық QazCovid-in вакцинасы клиникалық сынақтардың соңғы сатысынан өтіп жатыр. Маусым айында сынақтың үшінші деңгейі өткен жағдайда халықты иммундау үшін емханаларға келіп түседі", – деді басқармасының басшысы. 

Бұл вакцинаны бірінші кезекте медицина мамандары алады. Оның ішінде алғашқы медициналық санитарлық көмек ұйымдары, инфекциялық ауруханалар мен стационарлар, сан-эпид бақылау қызметінің мамандары мен жедел жәрдем қызметкерлері бар. Бұл ретте Нариман Табынбаев екпе ерікті түрде салынатынын атап өтті. 

"Мамандар қарсы болған жағдайда, екпе салынбайды. Екінші кезеңінде екпе мұғалімдер, басқа медициналық қызметкерлерге салынады", - деді басқарма басшысы.  

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу