Жуырда елімізде өкпе обырын анықтауға арналған скринингтік жүйе іске қосылмақ. Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты басшысы Диляра Қайдарованың айтуынша оған Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі 400 млн теңге бөлмек. Себебі аталған өңірде өкпенің қатерлі ісігі өршіп тұр.
Ал балалар арасында обыр дерті Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңірінде жиі тіркеледі. Өкініштісі сәбилерімізге арналған скринингтік жүйе жоқ.
"Жылына қатерлі ісік диагнозы 500 балаға қойылады. Олардың басым бөлігі Шымкет пен Түркістан және Шығыс Қазақстан өңірінде. Байқағаным уран өндірілетін, металлургия бар аймақтарда балалар жиі ауырады. Сонымен қатар аталған аймақтарда мамандар жетіспеушілігі бар. Сондықтан осы өңірлерге барып, дәрігерлерге кеңес беріп, мамандардың тәжірибесін жетілдіру бағытында жұмыс жасап келеміз",– дейді Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты басшысының орынбасары Нұрлан Балтабеков.
Құралай Құдайберген