Жүз мыңға жуық адамның жеке деректері жария болған

716

Ақпаратты Damumed медициналық компаниясының өзі де растады.

Жүз мыңға жуық адамның жеке деректері жария болған

Damumed клиникалар желісінің мыңдаған пациентінің жеке басы туралы деректері қолжетімді, яғни жария болған. Бұл туралы кибершабуылдарды зерттеу және талдау орталығы хабарлады, деп жазады Интерфакс-Қазақстан.

"Бірнеше күн бұрын белгісіз біреу ЦАРКА мен өзге де бірнеше ұйымға орын алған жағдай туралы хабарлады. Damumed клиникасының жүз мыңға жуық пациентінің медициналық ақпараты желіде тараған",– делінген хабарламада.

Бұған ұйымның медициналық құжаттарына тіркелмей қол жеткізу себеп болған екен.

Ақпаратты медициналық компанияның өзі де растады. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарына жүгіну үшін материалдар әзірленуде. Сондай-ақ олар өз клиенттерінен алаңдамауды сұрайды. Дәл қазір олқылық түзелген және жалпыға қолжетімді ресурстарға таралмағаны анықталған.

Дегенмен ЦАРКА бұл мәселеге мемлекет шұғыл араласу керек деп есептейді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу