Жүз шақты әкім оқу-жаттығудан өтті

1064

Ауыл әкімдері су тасқыны кезінде нендей әрекет ету керектігін үйреніп жатыр.

Жүз шақты әкім оқу-жаттығудан өтті

Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті ауыл әкімдеріне оқу әдістемелік жиынын өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұл жиын үш кезеңге бөлінген. Соңғы үшінші кезеңде Абай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Нұра, Осакаров, Жаңаарқа, Ақтоғай және Ұлытау аудандарының 44 ауылдық округ әкімдерімен Балқаш, Жезқазған, Саран, Сәтбаев және Шахтинск қалалары әкімшілігі аппараттарының мамандары оқытылды.

Ақпан айында үш кезең бойынша оқу жаттығудан барлығы жүз шақты әкім өткен.

"Екі күн ішінде жаңадан салынып жатқан габиондарды, су бөгеттерін әкімдерге көрсетіп түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз.Төтенше жағдайлар бола қалған күнде қай жерге хабарласу керек, алдымен қандай шаралар жасалуы тиіс сол жағына тоқталып өтеміз", – деп мәлімдеді төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының орынбасары Ризабек Қабылбеков.

Оқу әдістемелік жиында екі күн бойы төтенше жағдайлар департаментінің, полиция департаменті, "Қазгидромет", "Қазавтожол", Апаттар медицинасы орталығының мамандары әкімдерге дәріс оқиды.

Жауын-шашын мөлшеріне қарап, "Қазгидромет" Қарағанды облысында отыз шақты елдімекенді су алу қаупі бар деп болжады. Қардың мөлшерін бағдарлау жұмыстары барысында 1 ақпандағы жағдай бойынша Нұра өзенінің бассейнінде ылғал қоры нормадан 55 пайызға жоғары болса, Шерубай-Нұра өзенінде жауын-шашын мөлшері нормадан аспаған.

 Қарды тағы өлшеу жұмыстары жалғаса береді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу