Жүздеген блогер 256 млрд теңгеден аса салық төлеген

136

Елімізде 850 блогер Мемлекеттік кірістер комитетінен ескерту хат алған.

Жүздеген блогер 256 млрд теңгеден аса салық төлеген Фото: canva

Бұл туралы Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Астанада журналистерге мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Шамамен 850 блогерге ескерту жолданды. Солардың ішінде 360 блогер табыс тапқанын өз еркімен растады. Олар 256 млрд теңге төледі", – дейді қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков.

Оның айтуынша, салық төлемеген қалған блогерлерге қатысты жүргізілген жұмыс нәтижесі қосымша жарияланады. Вице-министр талапты орындамаған азаматтарға салық кодексінде қарастырылған ережелерге сай шара қолданылатынын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу