Жүздеген мұғалімнің зейнетақы жинағына төлем жасалмаған

320

Қарағанды облысының мектептеріне есепшілер жетіспейді. Соның салдарынан жүздеген мұғалімдерге зейнетақы төлемдері тұрақты жіберілмеген. 

Жүздеген мұғалімнің зейнетақы жинағына төлем жасалмаған Фото: inform.kz

Салдарынан несие ала аламай сан соғып қалған тәлімгерлер білім басқарамасына шағымданды. Ашуға булыққан ұзтаздардың айтуынша, бұл жағдай үш жылдан бері жалғасып келеді. Тек, мәселені шешетін жауаптылар құлақ аспаған. Сондықтан, олар бас прокуратураға арыз түсіріпті. 

Қарағандыда 74-ші орта мектептің жүзден аса мұғалімдері 2019-шы жылдан бері зейнетақы төлемдері тұрақты төленбегендігін айтады. Лилия Зәрубаева 2013-шы жылдан бастап осы білім ордасында қызмет етіп келеді. Алайда, соңғы жылдары ұжым біраз қиындыққа тап болды дейді. 

"Қалалық білім бөлімі мұғалімдерге, кіші қызметкерлерге де екі млн қаражат көлемінде зейнетақы қорына түспегендігін анықтап берді", дейді Қалалық №74 орта мектебінің мұғалімі Лилия Зәрубаева. 

Ал, білім басқарамасы болса, жылдар бойы тәлімгерлердің зейнетақы қорына төлемдердің түспеуіне есепшілердің тапшылығы себеп деп түсіндіреді. 

Сөздерінше облыс бойынша, мектептерде бухгалтерлер жетіспейді. Тек қаланың 20 білім ордасында қазіргі таңда есепі жоқ. Себебі, 90 мың теңгелік жұмысқа ешкім аяқ басқысы келмейді. Ал, зейнетақы қорына қарыз 2 млн теңге толығымен өтелген. Төлемді кешіктірген үшін, тіпті салық комитеті мектепке айыппұл да салыпты.

"Бұл мекемеге қазір 900-мың теңгеден  аса уақытылы төленбегені үшін, айыппұл салынып отыр. Егер біз айыппұлды уақытылы төлемесек, бұлардың счетына инкасса қойылады", дейді Облыстық білім басқармасының бас есепшісі Толқын Үсіпбекова. 

Дегенімен, есепшілердің тапшылығы өңірде байқалып отырғанда мұғалімдер бұл мәселе алдағы уақытта тағы қайталанады деп алаңдаулы. Сондықтан ұжым бас прокуратураның араласуын қалайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу