Жүзден астам ақтөбелік су басқан саяжайлардан эвакуацияланды

449

Қарғалы саяжай учаскелерінен 116 адам  эвакуацияланды.  

Жүзден астам ақтөбелік су басқан саяжайлардан эвакуацияланды Фото: ҚР ТЖМ

Құтқарылғандардың  41-і балалар. Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қазір сол маңайда жергілікті атқарушы органдардың, құтқару бөлімшелері мен Ұлттық ұланның әскери күштері жұмыс істеп жатыр. 

Күннің жылығанынан қар суы еріп,  Қарғалы өзенінің арнасын толтырған. Салдарынан 10 саяжай су астында қалды. Қазір үйлерді су басып қалмас үшін шұғыл шаралар қабылдап жатыр. Ақтөбе қаласының әкімдігі уақытша эвакуациялаудың үш пунктін ашты, онда 87 адам орналастырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу