Жүзден астам жас мұғалім "Алматы жастары 3.0" арқылы үй алды

585

Қала әкімдігі педагогтерге қолдау көрсету жұмыстарын жалғастыруда. 

Жүзден астам жас мұғалім "Алматы жастары 3.0" арқылы үй алды

Алматының білім саласы қызметкерлерінің "Алматының білім болашағы: жаңа жағдайдағы перспективалық шешімдер" форумында сөйлеген сөзінде Бақытжан Сағынтаев қала мұғалімдеріне қолдау көрсету шаралары туралы айтты.

Қала әкімдігі педагогтерге қолдау көрсету жұмыстарын жалғастыруда. Өткен жылы Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша мұғалімдер арасында "Үздік ұстаз" жаңа байқауы жүзеге асты. Сонымен қатар 10 үздік педагогке гранттық қолдау көрсету бағдарламасы қолға алынды. Бұл шаралардың қорытындысы Мұғалім күні қарсаңында шығатын болады.

"Бұлардан өзге, жас мамандарды, оның ішінде мұғалімдерді тұрғын үймен қамтамасыцз ету мақсатында жеңілдетілген несие берудің "Алматы жастары 3.0" қалалық бағдарламасы қабылданды. Осы бағдарлама бойынша қазірдің өзінде 119 жас мұғалім несие алатын болды", – деп хабарлады Б. Сағынтаев.

Алматы мектептерінде қызметтерін бастаған жас мұғалімдерге бірреттік төлем беру одан әрі жалғасуда. 

Форум аясында бірқатар мұғалім мемлекеттік наградалармен, Құрмет грамоталарымен, оның ішінде "Ы. Алтынсарин", "Білім беру ісінің құрметті қызметкері", "Еңбегі үшін" төсбелгілерімен марапатталды. Алматыдағы №178 лицей орта арнайы білім берудің үздік мекемесі атанды.

Форумда жаңа жағдайда оқу процестерін ұйымдастыру мәселесі талқылануда. Оның ішінде кезекші топтарда санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қашықтан оқуды ұйымдастыру, педагогтарды және мұқтаж оқушыларды компьютерлік техникамен, интернетпен қамтамасыз ету. Сонымен қатар, бала бақшалар мен мектептерде орынмен қамтамасыз етудің өзекті мәселесі талқылануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу