Жүзден астам жолаушы Шымкеттен Ақтауға ұша алмай отыр

884

Шымкент халықаралық әуежайында кешеден бері Ақтау қаласына ұша алмай жатқан жүзден астам жолаушы ереуіл ұйымдастырды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жүзден астам жолаушы Шымкеттен Ақтауға ұша алмай отыр

Көп балалы ана, қолында емізулі нәрестесі бар ақтаулық келіншек Гүлзира Омарқұлова жағдайды былайша түсіндіріп берді.

"7577 рейс, FlyАrystan әуекомпаниясының ұшағымен 15 шілде күні сағат кешкі 20.00-де Ақтау қаласына ұшып кетуіміз керек еді. Бірақ бізге рейс сағат түнгі 2-ге шегерілді деген хабар берілді. Амал жоқ күттік. Одан бір кезде түнде артынып-тартынып келсек, таңғы 5-ке ауыстырылды. Халық бір шулады. Сонда да сабыр сақтап қалдық. Бір кезде таңғы 7.30-да деп хабарлады. Наразылығымызды білдірдік. Енді келіп техникалық себептерге байланысты ұшпайтын болды. Ақшаларыңызды қайтарамыз дегенде кәдімгідей ашуландық. Бұл не деген бассыздық. Дардай әуекомпаниясы бір ұшаққа қарап қалып па? Емшектегі балам бар. Күн ыстық. Бәріміз күте-күте шаршадық. Әуекомпаниясының басшылығы бір шешім тапсын. Билік тез аралассын бұл мәселеге. Әйтпесе халықта ашуын көрсете алады", – дейді Гүлзира Омарқұлова.

Бас көтерген жолаушылар алдында Эйр Астана компанияының өкілі Сұңғат Советов мәселені түсіндірмекші болып, біраз ақталғандай болды.

Бірақ әуекомпания өкілін жолаушылар ортаға алып, жұрттың көзінше жоғары жақтағы жауапты қызметкерлермен халықтың көзінше сөйлесуін талап етті. 

Алайда телефонмен хабарласып көргенімен жолаушылардың бұл талабын орындаған жоқ. Аталған әуекомпания өкілінің мәлімдеуінше, ұшақ техникалық себептерге байланысты тиісті уақытта ұша алмай қалған. Яғни ұшақ бұзылған. Сол себепті рейс күшін жойып отыр.

Сұңғат Советов ендігі жерде ертеңгі және ары күнгі рейстерге қалып қойған жолаушылар билетін қайта брондау жүргізілетінін жеткізді. Оның ойынша әзірге мәселеден шығудың жалғыз жолы осы ғана болып отыр.

Ал әліптің артын баққан жолаушылар осымен уақытша тарқасты. Мәселе қалай шешімін табары әлі белгісіз.

Шымкент қаласында соңғы екі-үш бойы күн қатты ысып тұр. Күндіз ауа температурасы 42 градустан асады.

Өз кезегінде тәртіп сақшылары ешқандай тәртіпсіздік орын алмағанын айтады. Жолаушылар наразылығы бейбіт түрде өтіп жатыр.

Әнуар Жұмашбаев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу