Жүзге жуық жеке кәсіпкермен баға тұрақтандыру жөніндегі келісімге қол қойылды

1148

Жүзге жуық жеке кәсіпкермен баға тұрақтандыру жөніндегі келісімге қол қойылды

Атырау облысы Махамбет ауданының әкімдігі жүзге жуық жеке кәсіпкермен әлеуметтік маңызды азық-түлік бағасын тұрақтандыру жөніндегі келісімге қол қойды, деп хабарлайды atr.kz.

"Ең алдымен ауыл халқын сапалы табиғи өніммен қамтамасыз ету керек. Енді ауылдық округтер бойынша күн сайын ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп тұратын болады. Қазір жәрмеңкеде "Дастан" шаруа қожалығының мың тонналық қоймасында сақталған өнімдер арзан бағамен сатылуда. Бұдан бөлек, қазір қоймада 100 тонна жуа, 40 тонна картоп, 15 тонна қызылша, 4 тонна қырыққабат сақтаулы тұр. Жыл басынан бері ауданда осындай 58 жәрмеңке өткізілген", - деп атап өтті аудан әкімі Сырым Рысқалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу