Жүзуден Қазақстан чемпионаты: Александр Варакин кезекті рет чемпион атанды

1211

Әйелдер арасында 50 метрге еркін әдіспен жүзуден ресейлік Дарья Головина чемпион атанды.

Жүзуден Қазақстан чемпионаты: Александр Варакин кезекті рет чемпион атанды

Ақтөбеде жүзуден Қазақстан ашық чемпионатының төртінші жарыс күні аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Әйелдер арасында 50 метрге еркін әдіспен жүзуден ресейлік Дарья Головина чемпион атанды. Екінші және үшінші орынды Алина Костенко мен Қорлан Әмірханова иеленді.

Ерлер арасында 50 метрге еркін әдіспен жүзуден Александр Варакин топ жарды. Ол 22.31 секундта аталған қашықтықты жүзіп өтті.

50 метрге шалқалай жүзуден әйелдер арасында Диана Назарова, ерлер арасында Глеб Коваленя қара үзіп кетті.

400 метрге еркін әдіспен жүзуде әйелдер арасында Диана Злобина 4:17.72 уақыт көрсеткішімен жеңімпаз атанса, ерлер арасында аталған қашықтықты 4 минут, 02:30 секундта бағындырған Сергей Присяжнюк алтын медаль тағынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу